
АЛМАТЫ ОБЛ.: ЖАМАҒАТҚА СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Батан ауылы жамағатына «Халал ас – шариғат талабы» тақырыбында оқу-семинар ұйымдастырылды. Семинарды халалдың Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков өткізді.
Шара барысында қатысушыларға халал өнімдердің маңыздылығы, олардың шариғат талаптарына сай дайындалу жолдары және сертификаттау үдерісі туралы жан-жақты түсіндірілді. Жанәбіл Жұмабеков халал стандарттарының ерекшеліктерін атап өтіп, адал азық-түлік тұтынудың денсаулық пен рухани тазалыққа тигізетін оң әсеріне тоқталды.
Сонымен қатар, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, халал индустриясына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Семинар соңында қатысушыларға халал өнімдерді ажырату бойынша практикалық кеңестер беріліп, арнайы ақпараттық материалдар таратылды.