Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 қаңтар 2024

181

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: «Ж.ҮШКЕМПІРҰЛЫ» МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР

«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша өкілі Жұмабеков Жанәбіл Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы «Жақсылық Үшкемпірұлы» мешітінде семинар өткізді.

Жиында шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымыз мен күнделікті өмірімізге беретін пайдасы, харамның ақыретіміз бен денсаулығымыз үшін тигізер зиянына да кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жамағатқа «Халал Дамудың» атқаратын қызметі мен міндеті, бағыттары, сертификаттау барысында қойылатын басты талаптардың ерекшелігі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі, кәсіпорындардың қадағалалануы секілді мәселелер түсіндірілді. Жиын соңында қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, алдағы уақытта тұрақты түрде семинар өткізуге уағдаласты.

Бөлісу: