Алматы облысы: жамағатқа семинар өткізілді
«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша өкілі Жұмабеков Жанәбіл Ақшам Құптан намаз аралығында Іле ауданы, Қоянқұс ауылында семинар өткізілді.
«Халал Дамудың» атқаратын қызметі мен міндеті, бағыттары, сертификаттау барысында қойылатын басты талаптардың ерекшелігі, өнімдерді лабораториялық сынақтан өткізудің тиімділігі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі, шет елдік және отандық сертификатталған кәсіпорындарды қадағалаудың маңыздылығын түсіндірді.
Шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымыз мен күнделікті өмірімізге беретін пайдасы, харамның ақыретіміз бен денсаулығымыз үшін тигізер зиянына да кеңінен тоқталып өтті.