Алматы облысы: «999» ас болсын сорпаханасы» және «Тамаша» асханалары сертификатталды
ҚМДБ «Халал Дамудың» Алматы облысына жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл кәсіпорындар басшылығымен кездесіп сертификаттарды табыстады.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Жамбыл көшесі, 103-те орналасқан «Жаңа Өмір» ЖК «999» ас болсын сорпаханасы» және Жамбыл көшесі, 56А-да орналасқан «Көктай» ЖК «Тамаша» тамақтану орны сертификатталды.
Қоғамдық тамақтану орындарының тұтынушыларға ұсынатын тағам қоспалары, қызметі тексерістен өтті. Нәтижесі барлығының халал стандарты талаптарына сай келетіндігін көрсетті. Сертификаттың жарамдылық мерзімі – 1 жыл. Кафе қызметі мен өнімдері белгілі мерзім сайын тексерістен өтіп отырады.