Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 сәуір 2024

273

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУЫЛДАРЫНДА СЕМИНАР

«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабековтың ұйымдастыруымен Қарасай ауданы «Алмалыбақ мешіті» және Көксай ауылы «Кәдір Иманқұлтегі» мешіті жамағатына «Халал – құлшылық негізі» тақырыбында семинар өткізілді.

«Халыққа халалды насихаттау мақсатында өткізілген семинарда шариғаттағы халалдың маңызы, халал стандарт талаптары мен ерекшеліктері, күнделікті тұтынатын азық-түлік құрамындағы халал және харам қоспалар, халал кондитерлік өнімдер технологиясы, фармацевтика саласындағы халал өндірісі мәселелері қозғалды. Халал өнім тұтынудың денсаулығымыз бен құлшылығымызға, ұрпақ тәрбиесіне тигізер әсері мен салдары түсіндірілді. Сонымен қатар, жамағат сұрақтарына жауап беріліп, халал жөніндегі көкейкесті мәселелер талқыланды», – дейді өкіліміз.

Бөлісу: