Алматы облысы: «АзияАгроФуд» АҚ цехы тексерілді
Алматы облысы, Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылында орналасқан «АзияАгроФуд» цехын жергілікті өкіл Жұмабеков Жанәбіл тексерді.
Комбикорм дегеніміз -белок, витамин, минералдарға бай жарма өнімдерінің қоспасынан жасалып, жануарларға берілетін жем-азық. «Микроэлементтерден басқа жемнің барлығы да жергілікті табиғи бидайдан дайындалады. Кәсіпорын аумағында тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, комбикормнан бастап, сақтау, тасымалдау процесстерінің шариғат және халал стандартқа сәйкестігі қадағаланды. Тексеріс қорытындысы оң», — деп хабарлайды маман.
Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ст., Сүйінбай 1.