Алматы облысы бойынша кәсіпорындар тексерілді
«Халал Дамудың» Алматы облысының жауапты инспектор-контролері Жанәбіл Жұмабеков пен технолог маман Әселхан Сыздық «Maki Maki» тамақтану орнында және Байсерке ауылында орналасқан сертификат алуға өтініш білдірген «HOUSE FOOD» ЖШС мекемесінде бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.
Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, тасымалдау және сатуда бекітілген халал стандарт талаптарын сақтауы қадағаланды. Сонымен қатар, санитарлық тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Мамандар жүргізген кезекті тексеріс нәтижесі бойынша, шұжық цехтарында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.
Суб ет өнімдерін өндіретін «HOUSE FOOD» ЖШС қызметкерлеріне халал туралы семинар өткізілді. Семинар барысында Жанәбіл Жұмабеков кәсіпорындарға қалай тексеріс жұмыстары жүргізілетінін, халал сертификаттары қалай берілетінін және енгізілген өзгерістер төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, табиғи қоспалар және доңыздан өндірілген түрлі заттардың діни және ғылыми негіздерге сүйеніп, харамдығын дәлелдеп берді.