Алматы облысы: "Дәруменді рамазан" атты семинар өтті
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шынасыл мешітінде "Дәруменді рамазан" атты семинар өтті. Жиынға Алматы облысының Бас Имамы Мадияр Пірімқұлов, Шынасыл мешітінің бас имамы Тойчыбаев Бақыт, "Халал Даму" технолог маманы Әселхан Сыдық және әйел жамағаты қастысты.
«Адал астың адам денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Бұл жөнінде қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбар (с. а. у) хадистерінде де көптеп айтылады. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің саулығы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы — асымыздың адалдығына тікелей байланысты», – деген Әселхан Сыдық «Халал Даму» қызметі, халал стандарт талаптары, тағамдық қоспалар жөнінде мағлұмат беріп, адал астың адам ағзасына әсері жөніне баяндады.