Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 мамыр 2023

261

Жаңалықтар

Алматы облысы: «Глобал Фуд Трейд» ЖШС сертфикатын жаңартты

«Халал Даму» мамандарының мамыр айындағы кезекті тексеріс жұмыстары Алматы облысы, Қарасай ауданында өз жалғасын тапты. Жергілікті инспектор-контролер Жұмабеков Жанәбіл «Глобал Фуд Трейд» ЖШС  қасапханасында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс барысында «QMDB Halal» талаптарының орындалуы мен сақталуы, малдардың жем-азығы, ауылшаруашылығы жануарларының шариғатқа сай бауыздалуы, қасапшылар мен өзге де жұмысшылардың мал етін өңдеу, сақтау, тасымалдау секілді процесстерде халал стандарт талаптарын қатаң сақтауы назарға алынды. Сонымен қатар, аудит соңында қасапханаға «QMDB Halal» сертификаты және қызметкерлеріне қасапшылық сертификаттары табысталды.

Қорытынды актіге сәйкес, тексеріс барысында «Глобал Фуд Трейд» ЖШС қасапханасында халал стандарты талаптарын бұзу немесе сақтамау жағдайлары анықталмады. 

Бөлісу: