Алматы облысы: «Оспан қожа» мешітінде семинар өткізілді
«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша өкілі Жұмабеков Жанәбіл Балқаш ауданы, Бақанас ауылы «Оспан қожа» мешіт жамағатарына «Тағамдық қоспалар» тақырыбында семинар өткізіді.
Семинарда халалдың құлшылығымыз бен өміріміздегі орны, харам және күмәнді тағамдардың адам денсаулығына тигізер зияны, «Е тағамдық қоспалар», тағамдық қоспаларға қатысты соңғы шыққан пәтуалардың үкімі секілді біраз тың мағлұматтар берілді.
Семинар барысында қатысушыларға арнайы дайындалған ақпараттық слайд көрсетіліп, әзірленген «Е тағамдық қоспалар» кітабының электронды нұсқасы таныстырылды.
Жиын соңында қатысушылар технолог маманнан көкейлерінде жүрген біраз сұрақтарға тұшымды жауап алды.