Алматы облысы: жамағатқа семинар өткізілді
«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша өкілі Жұмабеков Жанәбіл Жамбыл ауданы Шынасыл мешітінде семинар өткізді.
Жиында жергілікті жамағатқа «Халал Дамудың» атқаратын қызметі мен міндеті, бағыттары, сертификаттау барысында қойылатын басты талаптардың ерекшелігі, өнімдерді лабораториялық сынақтан өткізудің тиімділігі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі, шет елдік және отандық сертификатталған кәсіпорындардың қадағалалануы, халықты ақпараттандыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан оқу-семинарлардың маңыздылығы түсіндірілді.
Шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымыз мен күнделікті өмірімізге беретін пайдасы, харамның ақыретіміз бен денсаулығымыз үшін тигізер зиянына да кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар, халал өнімдер дайындау технологиясы, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын стандарт талаптары, рұқсат етілген және тиым салынған Е тағамдық қоспалар, халал стандарты бойынша тағамдық қызметтер ерекшелігі, шариғат және халал стандарт талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің маңызды тұстары ашып айтылды.