Алматы облысы: Ұзынағаш ауылындағы халал сертификатын алған асханалар тексерілді
Алматы облысында кезектен тыс ревизорлық бақылау-қадағалау барысында өңірдегі "QMDB Halal" стандарты бойынша сертификатталған "Voctocniy Dvor", "Аният" ЖК, "Көктай" ЖК, "999" және "Ас болсын" асханалары тексерілді. Аудит шараларын "Халал Дамудың" жергілікті өкілі Жұмабеков Жанәбіл орындады.
Тексеріс қорытындысына сәйкес, бірқатар кәсіпорын өндірісі бекітілген талаптарды сақтай отырып өнім өндіріп, қызмет көрсететіндігіне көз жеткізілсе, кейбір өндіріс орындарына ескерту жасалынды. Алдағы уақытта ескертулер бойынша түзету жұмыстарының орындалуын бақылау үшін қайта тексеріс шаралары жүргізілетін болады.