Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 наурыз 2023

70

Жаңалықтар

Алматы облысында әйел ұстаздарға халал тақырыбында семинар тренинг өтті

Алматы облыстық, Қарасай ауданы ұйымдастырумен атқарылған әйел ұстаздарға Халал тақырыбында семинар тренинг өтті. Семинарды жүргізген технолог Әселхан Сыдық.

Отбасы үшін ас даярлайтын да, азық-түлік таңдайтын да, балардың тамағына жауапты да әйел адамдары болғандықтан бұл дәріс нәзік жандылар үшін аса қажетті. Жамағат адал ас жайында жиналып қалған сауалдарына да осы кездесуде жауап тапты.

Адал ас ішудің рухқа, денсаулыққа пайдасы жайлы ұстаздардан естіп жүрген әйелдер енді сол ас қайтсе адал болмақ, тағамдағы пайдалы, зиянды қоспалар қайсысы деген тақырыптарда дәріс тыңдап, өмірлік қажетті білім алды.

Қатысушылар үшін арнайы слад көрсетіліп, қоспалар жайы бүгей-шегейлі түсіндірілді. Астың адал болмағы біздің рухани жай-күйімізге әсер етеді. 

Бөлісу: