Алматы облысында кәсіпорындар тексерілді
✅«Халал Дамудың» Бас маманы, технолог Сафиев Данияр кезекті іс-сапарыда Алматы облысы бойынша жауапты өкіл Жұмабеков Жанәбілмен бірге кәсіпорындарда тексеріс жүргізді.
📌Тексерілген кәсіпорындар:
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көктоған ауылындағы «KazFreshMeat» ЖШС шұжық өндірісі;
Қарасай ауданы, Қайнар ауылындағы «Мурагер» ЖК шұжық өндірісі;
Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылындағы «Дамели» ЖК фаст-фуд өнімдері;
Қаскелең қаласындағы «Прайм агро сервис" ЖШС шұжық өндірісі, «Маки Маки» және «Japonika» фаст-фуд өнімдері;
✍🏻«Аудит аясында бірқатар өндіріс орындары қадағаланды. Кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өндірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудит жоғары деңгейде өтті. Кейбір кәсіпорындарға қатаң ескерту жасалынса, кей кәсіпорындардың халал стандарты талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық» – деп хабарлайды Сафиев Данияр.