Алматы облысында кәсіпорындар тексерілуде
Қарасай Жамбыл Іле Талғар аудандары бойынша тексерісті «Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмасбеков Жанәбіл жүргізген.
Кезекті бақылау барысында «Maki Maki» фаст-фуд өнімдер желісі, «Алатау құс» құс фабрикасы бақылаудан өткізілді және тексеріс барысында QMDB Halal белгісін заңсыз қолданып жатқан кәсіпорындар анықталған болатын. Мекемелердің ішкі санитарлық тазалығынан бастап, өндірістік техникалық құрал-жабдықтары, шикізат көздері мен тағамдық қоспалары, шариғат шарттары мен стандарт талаптарына сай өнім өндіруі, қызметкерлердің бекітілген талап-ережелерді сақтауы тексерілді.
Айлық тексеріс қорытындысы бойынша, кәсіпорындар жұмысы «QMDB Halal» талаптарына толықтай сай екендігі анықталды.