Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 мамыр 2023

446

Жаңалықтар

Алматыдағы кәсіпорындар тексерілуде

"Халал Даму" ұйымының ерекшелігінің бірі – әр ай сайын кезекті бақылау-қадағалау шараларының тұрақты түрде жүргізілуі. Басшылық пен технологтардың Алматы облысындағы іссапары барысында, жергілікті инспектор-контролерлардың  қатысуымен бірқатар өндіріс орындары  кезекті ревизорлық қадағалаудан өткізілді. Кезект іс-сапарында "Халал Даму" директры Айбек Асқарбекұлы, жергілікті инспектор-контроллер Чадаев Маратхан, бас маман Айжан Омарова және технолог Әселхан Сәбитқызы Алматы қаласында орналасқан бірталай кәсіпорындарды тексерді. Атап айтқанда, "BBS Trade" ЖШС сироп өндірісі, "Chefs Star" кофейнясы, "Del capuchino" рестораны, "Kono express" ЖШС фаст-фуд өнімдері, "Fresco" ЖШС балмұздақ өндірісі, "Bahandi", "Salam Bro" цехтары және "Magnum" дүкендеріндегі ет пен шұжық бөлімдері тексерілді.

Ай соңына дейін қалған мекемелерде де тексеріс жұмыстары өткізіліп жатыр. Қорытынды акт бойынша, мекемелерде стандарт талаптарын сақтамау және бұзушылық жағдайлары анықталмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті. Аталған мекемелер шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптары бойынша жұмыс жасап жатқандығы анықталды.


Бөлісу: