Алматы облысында семинар өткізілді
Жергілікті маманның бастамасымен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көлащы ауылы Жұмабек мешітінде ақпараттық үгіт-насихат шаралары мен біліктілікті арттыру бағытындағы семинар өткізілді. Семинар барысында тағамдық қоспалар, халал өнімдер технологиясы және сертификаттау барысы туралы түсіндіріліп, қатысушы сұрақтарына жауап берілді.