Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 ақпан 2024

206

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚҰС ФАБРИКАЛАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы өңірдегі «Otan Green Food» және «Прима құс» фабрикаларында бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.

«Тексеріс барысында құстардың жем-азығының таза болуы, құсты шариғатқа сай қолмен бауыздауы секілді өзге де стандарт талаптарының орындалуы қадағаланды. Аудит қорытындысы бойынша, шариғат шарттары мен халал стандарты ережелерін бұзу жағдайлары тіркелмеді», – дейді А.Асқарбекұлы.

Бақылау-қадағалау шараларынан кейін құс фабрика қызметкерлеріне арнайы оқу-семинар өткізіліп, қатысушылар сұрақтарына жауап берілді.

Бөлісу: