Алматы орталық мешітінде “Адал ас жан азығы атты” семинар өткізілді
Шара «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Чадаев Маратхан, технолог мамандар Сатаева Айзат пен Сыдық Әселхан және жергілікті әйел жамағаты қатысты.
Мамандар халал туралы маңызды мәліметтер, пайдалы ақпараттар мен анықтамалар берген. Әлемдік халал стандарттарында көрсетілген құнды деректерді баяндай отырып, шариғатымыз бойынша харам және күмәнді болып саналатын өнімдерден сақтанудың жолдары айтылды. Халал бұл дастархандағы астың тазалығы мен адалдығы болып табылады. Сонымен қатар адал өнім тұтынудың ұрпақ денсаулығы мен тәрбиесіне тигізетін ықпалы айтылған болатын. Мұсылмандық дүниетаным мен қазақи пайымды салыстыра отырып, халал төңірегіндегі өзге де мәселелер қозғалды.