Алматы қаласында 54 кәсіпорын тексерілді
«Халал Даму» мамандарының қатысуымен Алматы қаласындағы бірқатар кәсіпорында кезекті аудит жұмысы жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев, технолог Айзат Сатаева пен жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев орындады.
Кезекті аудит барысында Алматы қаласындағы «Magnum» сауда орындары, «Salam Bro», «Maki Maki», «Zehra Doner», «Brother’s Burgers» фаст-фуд өндірісі, «Chefs», «Ozyurt», «Чичек мангал», «Daiyn Food», «Ризық халал» тамақтану орындары, «Тағам» және «Қағанат» асханалар желісі, «Al’Ba Foods Company» жартылай фабрикаттары, «Прайм Агро Сервис» қасапханасы мен шұжық цехы, «Нарбаев» ет дүкені, «Мейржачная» шұжық цехы, «Riza Herb» емдік-профилактикалық өнімдері, «Сабырбаев» т.б бірқатар кәсіпорындар бақылаудан өткізілді. Өнімдердің өндірілуі, өңделуі, дайындалуынан бастап барлық процесс толықтай қадағаланды. Дайын өнімдердің тасымадануы, жеткізуші техникалық құралдар, сату алаңдары, қызметкерлердің халал стандарты талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Тексеріс кезінде кейбір өндірушілерге ескерту жасалынса, кәсіпорындардың басым көпшілігінде стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді.