Алматы қ.: «Chunky» кондитерлік өнімдері
Алматы қаласында орналасқан «Chunky» кондитерлік өнімдері «QMDB Halal» стандарт талаптары бойынша сертификатталды. «Халал Даму» технологтарының қаласындағы іс сапары барысында, кондитерлік цехтың өндіріс аумағында аудит шаралары жүргізіліп, бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы, сақталуы қадағаланды.
«Отандық кондитерлік өнімдер өндірісін дамыту ел эконмикасында маңызды орын алады. Сондықтан да халал кондитерлік өнімдер өндірісін жетілдіру, тұтынушылар сұранысын қамтамассыз ету, сапалы әлі пайдалы, халал өнімдер түрін жетілдіру біз үшін маңызды мәселелердің бірі. Сол мақсатта «Chunky» кондитерлік өнімдері халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткізілді. Шикізаттары, тағамдық қоспалары, санитарлық тазалағы, қызметкерлердің халал стандарты талаптарын орындауы назарға алынып, толыққанды аудит жұмысы жүргізілді», — деп хабарлайды технолог Айзат Сатаева.