Алматы қ.: «Magnum» сауда орны тексерілді
Алматы қаласындағы барлық «Magnum» сауда орындары тексерілді. Бұған дейін бірнеше мәрте бақылау-қадағалаудан өткен аталмыш сауда орындарындағы ет және шұжық сататын орындар бүгін тағы да тексерілді.
«Халал Даму» мамандарының Алматы қаласындағы іс сапары барысында жергілікті инспектор-контролер маман Маратхан Чадаевпен бірге өңірдегі ірі және шағын көлемдегі барлық «Magnum» сауда желілерін тексерістен өткіздік. Сауда орны мен көлемі қаншалықты ірі не шағын болғанымен де, халал ет және шұжық өнімдерін өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сату процессі толықтай бекітілген талаптарға сай. Аудит барысында халал стандарты шарттары мен талаптарын бұзу жағдайы тіркелмеді», – деп хабарлайды аудит шараларын орындаған маман Данияр Бақзейнелұлы.