Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 қыркүйек 2021

48

Жаңалықтар

АЛМАТЫ Қ.: "AS MARKET" НАУБАЙХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Алматы қаласы бойынша "QMDB Halal" өнімдер тізімі тағы бір өніммен толықты. Бұл жолы "AS Market" кәсіпорнының "AS Market"/"Литовский хлеб" сауда белгісімен шығарылатын нан өнімдері халал стандарт талаптарына сай сертификатталды. Технолог мамандар мен жергілікті өкіл Маратхан Чадаевтың бірлескен жұмысы нәтижесінде "AS Market" кәсіпорны "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды.

"Наубайхана өнеркәсібінің негізгі шикізаты – түрлі сұрыпты бидай мен қарабидай ұны. Қазіргі таңда ұн мен нанның да халалы болады дегенді естіген тұтынушылар, олардың құрамында қандай тиым салынған қоспалар болуы мүмкін деп таңырқап жатады. Өнімнің түрін, дәмін, түсін, иісін, сақталу мерзімін жақсарту мақсатында түрлі ароматизаторлар мен консерванттар қосылады. Тағамдық қоспалардан бөлек, өндіріс барысында да бекітілген халал стандарт талаптары қатаң сақталуы тиіс. Наубайхана өндірісінің маңызды міндеттердің бірі – өндірістің белгіленген нормаларын сақтай отырып, сапалы, халал нан өндіру. Осы орайда, "Литовский хлеб" нан өнімдерінің шариғат және халал стандарты талаптарына толықтай сай екендігіне аудит барысында көз жеткізілді", – деп хабарлайды жергілікті өкіл Маратхан Чадаев.


Бөлісу: