Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 наурыз 2022

81

Жаңалықтар

Алматы қ.: Медресе шәкірттеріне семинар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық Ислами діни бірлестігінің Әбу Ханифа медресе колледжінде медресе шәкірттеріне арналған оқу-семинары ұйымдастырылды. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының төрағалығымен өткізілген семинарға бас сарапшы технолог Айжан Омарова, инспектор-контролер Маратхан Чадаев қатысты.

Оқу-семинар барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз. Осы турасында Құран Кәрімде: «Уа, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!», «Аллаһтың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» делінген», – деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде мағұлмат берді.

Технолог мамандар халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады.

Семинар соңында, шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Айбек Асқарбекұлы шәкірттерді халал индустриясын дамытуға ат салысуға шақырды.

Бөлісу: