Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 наурыз 2022

59

Жаңалықтар

Алматы қ.: Мешіт қызметкерлеріне семинар өткізілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы өкілдігі мен «Халал Дамудың» ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлеріне арналған «Халал өнімдер — сапа мен тазалықтың кепілі» атты семинар өткізілді. Семинарға «Халал Дамудың» бас сапаршы технологы Жанар Мұратқызы мен технолог Айзат Сатаева, жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев қатысты.

«Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Халал астың маңызы жөнінде аяттар мен хадистер де бар. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау болуы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына байланысты», – деген «Халал Даму» қызметкерлері халал стандарт талаптары, тағамдық қоспалар жөнінде мағлұмат берді. Сондай-ақ адал ас ішудің медицина тұрғысынан адам ағзасына әсері жөнінде Айзат Сатаева баяндады.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, дәріс тыңдаушылары білімін жетілдіруге мүмкіндік берген «Халал Даму» ұйымына алғыс білдірді.

Бөлісу: