Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 желтоқсан 2021

55

Жаңалықтар

Алматы қ.: «Rodnoi Burger» сертификатталды

Алматы қаласындағы «Rodnoi Burger» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Маратхан Чадаев пен технолог Данияр Сафиев табыстады.

«Rodnoi Burger» кәсіпорны сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген күннен бастап, дәмхана өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, технолог мамандар қолданыстағы барлық шикізаттары мен тағамдық қоспаларын, дайын өнімдерін, санитарлық тазалығын толықтай тексерді. Қажетті өнімдер лабороториялық зерттеуден өткізілді. Барлық зерттеу және бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін «Rodnoi Burger» «Қоғамдық тамақтану қызметтері» стандарты талаптарына лайық деп танылды.

«Осы бағыттарыңыздан таймай, елге адал ас ұсынып, көңілдерді қуанта бересіздер деп сенемін. Біздің жұмысымыз осы жерден тоқтамайды, керісінше, енді ғана бастау алды. Алдағы уақытта технологтар мен инспектор-контролер мамандардың қатысуымен міндетті айлық тексеріс жұмыстары жүргізілетін болады», – деген Маратхан Чадаев «Rodnoi Burger» кәсіпорны өкіліне алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Өз кезегінде, «Rodnoi Burger» кәсіпорны «Халал Даму» мамандары қызметін жоғары бағалап, «QMDB Halal» таңбасына лайықты жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Алматы қаласындағы «Rodnoi Burger» фаст-фуд өнімдерінің халал әрі стандарт талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!

Бөлісу: