Алматы қ.: «Salam Bro» фаст-фуд желісі тексерілді
«Халал Даму» мамандарының Алматы қаласындағы іс сапары барысында еліміздегі ең ірі фаст-фуд желілерінің бірі «Salam Bro» кәсіпорны тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев пен жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев орындады.
«Salam Bro» – жылдам дайындалатын фаст-фуд өнімдерінің сан алуан түрін ұсынатын, қоғамдық тамақтану орындарының бірі. Тұтынушылар сұранысын қамтамассыз ету мақсатында Алматы облысы, Алматы қаласы және Қарағанды қалаларындағы «Salam Bro» фаст-фуд өнімдері сертификатталған болатын. Бүгінгі кезекті бақылау-қадағалау барысында «Salam Bro» кәсіпорнының ет және нан өнімдерін дайындайтын цехы, шикізаттары мен тағамдық қоспалары түгелдей тексерілді. Сонымен қатар, санитарлық тазалығы да назардан тыс қалмады», – деген Данияр Бақзейнелұлы аудит оң нәтиже көрсеткендігін хабарлады.