Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 маусым 2021

120

Жаңалықтар

АЛМАТЫ Қ.: "ТАҒАМ" АСХАНАЛАР ЖЕЛІСІ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ

Еліміздегі ірі тамақтану орындарының бірі  – "Тағам" асханалар желісі  "QMDB HALAL" сертификатын жаңартты. Сертификатты ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Оңғар Ершат Ағыбайұлы мен "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"Азық-түлік өнеркәсібінің күрделеніп дамуы, тағам өнімдеріне түрлі қоспалардың қосылуы, генетикасы өзгеріске ұшыраған өнімдердің кең таралуы – қоғамдық тамақтану орындары қызметі мен өндірісін шариғат және халал стандарт талаптарына сай сертификаттауды қажет етеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, адамның ең бірінші шіритін жері – асқазаны, сондықтан қай-қайсың да мүмкіндігінше таза нәрселермен азықтануға тырысыңдар», – деп хараммен қоректенген адамның дұғасының қабыл болмайтындығын айтқан. "Тағам" асханасынан дәм татқан мұсылманның дұғасының қабыл болуна әсер ететін бір себеп – сіздер ұсынатын астың адал болуы. Жауапты да сауапты істің жүгін түсінген сіздерге Жаратқан өзі жар болып, адал кәсіптеріңізге берекесін бергей! Алланың бекіткен "халал" таңбасына лайықты қызмет етесіздер деп сенемін. "Халал Даму" мамандары тарапынан да ревизорлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп тұратын болады", – деді Ершат Ағыбайұлы.

"Тағам" асханалар желісі "Тамақтандыру қызметі", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификат жаңартқанын хабарлаймыз! Асханаға берілген "QMDB HALAL" сертификаты 15.06.2021-14.06.2022 мерзімі аралығында жарамды.

Бөлісу: