АЛМАТЫ Қ.: "U'MIT ET" ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Бүгін, Алматы қаласында орналасқан "U'mit et" ет дүкені "QMDB Halal" сертификатына ие болды. Сертификатты облыстың бас имамы Төлеби Оспан табыстады. Сертификаттау рәсіміне кәсіпорын басшылығы және жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев қатысты.
"Қазақ халқы қашанда дастарқанындағы асының адалдығы мен құнарына мән беріп, малдың семіздігіне ғана емес, адал жолмен бауыздалуына да ерекше көңіл бөлген. Адам баласының қажетіне жаратылған төрт-түлік шариғат жолымен сойылмайынша, еті адал және таза болмайды. Бүгінгі қаланың қарбалас өмірі мен адамзаттың қауырт күйбең-тіршілігінде өз үйінде мал соятындар аз. Сондықтан да, осындай адал мал етін сататын, шариғат талаптарына толықтай сай "халал ет дүкендері" қоғамымызға ауадай қажет. Астың адалдығы – имандылық, денсаулық һәм салауатты өмір салтының басты шарты. Ел игілігі үшін атқарылып жатқан адал кәсіптеріңізге Алла берекесін бергей!", – деген Төлеби Дәділұлы "U'mit MARKET" кәсіпорны иесіне отандық халал индустриясын дамытуға қосқан үлесіне ризашылығын білдірді.
"U'mit MARKET" кәсіпорнына тиесілі "U'mit et" ет дүкенінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Мажорова көшесі, 52 үй.