Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 қыркүйек 2021

82

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ: «QAGANAT» АСХАНАЛАР ЖЕЛІСІ ТЕКСЕРІЛУДЕ

"Халал Даму" мамандарының Алматы қаласындағы іс сапары барысында "Qaganat" асханалар желісі тексеру қолға алынды. Аудит жұмыстарын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы, жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев, бас сарапшы технолог Айжан Омарова, технолог  Айзат Сатаева орындауда.  

"Республика бойынша «Qaganat» асханасының 24 нүктесі «Тамақтандыру қызметтері» және «Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарына сәйкес сертификатталған болатын. Алматыдағы кезектен тыс тексеріс барысында өңірдегі "Qaganat" асханалар желісінің 20 нүктесіне тексеріс жұмыстары жүргізілетін болады. Бақылау-қадағалау барысында тамақтандыру қызметтері, халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарттарының сақталуы басты назарға алынды. Тексерістің алғашқы легінде қадағаланған асханалар желісінде «QMDB Halal» стандарты талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Алдағы күндері «Qaganat» асханалар желісінің қалған бөлігі халал стандарт талаптарын сақтау және орындау талаптары бойынша тексерілетін болады", – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.



Бөлісу: