АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЙЛЫҚ ТЕКСЕРІС
Алматы қаласында арнайы іс-сапармен жүрген "Халал Даму" мамандары өңірдегі бірқатар кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шараларын жүргізуде. Кезекті аудит жұмыстарын "Халал Дамудың" бас сапаршы технологы Айжан Омарова мен жергілікті жауапты бақылаушы-инспектор Маратхан Чадаев орындауда. Ревизиялық тексеріс барысында "Jacobs" кофе өндірушісі "Якобс дзе Казахстан" кәсіпорны, "ALGOS", "GUMI емдеу-профилактикалық өнімдер өндіруші ""Биотекнистик" кәсіпорны, "Алматы ашытқы" зауыты өндірісі мен өнімдері бақылауға алынды.
Тексерісті орындаған Айжан Қалмаханқызы: "Бүгінгі бақылаудан өткізілген үш кәсіпорын да Алматыдағы ірі өндіріс орындарының бірі. Сол себепті де, тексеріс бірнеше сағатқа созылды. "Алматы ашытқы зауыты" – Қазақстан бойынша сығымдалған және құрғатылған ашытқылар өндіретін жалғыз кәсіпорын. Еліміздің орталық және оңтүстік аймақтарын ашытқы өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Аталған компания 40 жылдық тарихы бар ауылшаруашылық өңдеушісі – өйткені шикізат ретінде қант қызылшасының қалдықтарын қолданып, нан, тоқаш пісіруге қолданылатын ашытқы жасайды. Осы ашытқымен піскен нан әр қазақстандықтың дастарханында тұр десек артық айтпаймыз. Ал, "Биотекнистик" кәсіпорны қазіргі таңда көпшілікке кеңінен танылған "ALGOS", "GUMI" секілді спирулин, шампунь, сабын тағы да басқа профилактикалық және жуғыш заттар шығарады. "Якобс" кәсіпорны көпшілігіміз білетін "Jacobs" кофесінің Қазақстандағы өндірушісі. Үш өндіріс орнында жүргізілген бақылау қорытындысы – оң. Стандарт талаптарын бұзу, орындамау жағдайлары тіркелмеді", – деп ревизиялық тексеріс нәтижесімен бөлісті.