АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖАЛҒАСУДА
"Халал Дамудың" Алматы қаласындағы іссапары жалғасуда. Бүгінгі тексеріс барысында "Альба Фудс", "Сатыбалды", "Халал ет" шұжық цехтары, "Адал Плэнт" сабын өнеркәсібі, "Серчиди" кәсіпорнының "Трапеза" қытырлақ нандары (сухарик), "Қағанат" асханасы, "А-продукт" кондитерлік өнеркәсібі, "Bahandi Burger" фаст-фуд кәсіпорны тексерілді. Ревизиялық бақылау жұмыстарын "Халал Дамудың" бас сарапшы технологы Айжан Омарова орындады.
Тексеріс нәтижесі оң, халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Жоғарыда аталған кәсіпорындар өндірісі мен қызметі, өнімі бекітілген талаптарға толықтай сай.