
АЛМАТЫ: ШҰЖЫҚ ЦЕХТАРЫНДА АУДИТ
Алматы қаласындағы шұжық цехтарында айлық аудит жүргізілуде. Атап айтқанда, «Беккер и К» және «Ансар халал» шұжық цехтары тексерілді. Бақылау-қадағалау жұмыстарын «Халал Дамудың» жергілікті мамандары Өміржан Терлікбаев, Әселхан Сыдық, Жансая Шалқарқызы орындады.
Аудит барысында цехтардың өндіріс процесі, шикізат жеткізушілері мен қосалқы ингредиенттердің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Сондай-ақ, өндірістік құрал-жабдықтардың тазалығы, өнімнің сақталу және буып-түю жағдайлары назарға алынды. Тексеру нәтижесінде кәсіпорындардың жұмысы жалпы алғанда «QMDB Halal» стандартының талаптарына сай екені анықталды. Мамандар тарапынан кейбір ұйымдастыру бағытында ескерту мен ұсыныстар беріліп, олардың дер кезінде орындалуы бақылауға алынды.
«Халал Даму» өкілдері мұндай тұрақты аудиттердің негізгі мақсаты – тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсыну және кәсіпорындарда халал стандарттарының үздіксіз сақталуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.