
АЛМАТЫ: СУСЫН ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
Алматы қаласындағы іс-сапар аясында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен мекеме технологтары «Galanz bottlers» және «Mecca Cola» сусын өндіретін кәсіпорындарда жоспарлы аудит жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында өндірістік процестің барлық кезеңі — бастапқы шикізаттан бастап, дайын өнімге дейінгі әрбір сатысы мұқият сарапқа салынды. Технологиялық тізбектің халал стандарттарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, қаптамадағы ақпараттың дұрыстығы сынды маңызды аспектілерге ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарының мәні мен талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудит нәтижесінде өнімнің халал талаптарына толық сәйкес келетіні расталып, кәсіпорындардың адалдық принциптерін сақтап келе жатқаны атап өтілді.