Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 желтоқсан 2023

205

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан «Халал Дамудың» жауапты өкілі Ерлан Тайлақов пен технолог Әселхан Сәбитқызын және халал стандарттау және сертификаттау жұмыстарына жауапты жергілікті 8 аудан өкілдерін арнайы алғыс хатпен марапаттады. 

 «Халал – шариғат талабы, діни басқарманың негізгі бағыттарының бірі. Өңірімізде халал өнім мен кәсіпорындар санын арттыру мақсатында тынымсыз еңбек етудеміз. Қазіргі таңда, Алматы қаласы халал бағыты бойынша көш бастап тұр. Осы орайда, адал мен арамды таныту мақсатында халыққа адал қызмет етіп жүрген жауапты мамандардың еңбегі зор. Алла Тағала мамандарымызға әрдайым жақсылықтың жаршысы болып, биіктен көріне беруді жазсын», – деген бас имам қызметкерлерге ризашылығын білдіріп, арнайы сыйлықтар табыстады.



Бөлісу: