.jpeg)
АЛМАТЫ: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ
«Coffee Original» кофеханасы «Жылдың үздік кәсіпорны» марапатына ие болды. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Дәділұлы кәсіпорын өкіліне алғыс хатты табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.
«Coffee Original» кофеханасы адал қызметімен және жоғары сапасымен ерекшеленіп, тұтынушылардың сеніміне ие болып келеді. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Дәділұлы алғыс хатты табыстау барысында кәсіпорынның халал стандарттарына сәйкес қызмет көрсетіп келе жатқанына ерекше тоқталып, алдағы уақытта да бұл бағытта табысты болуын тіледі.
Кофехана өкілі өз кезегінде ұжым атынан алғыс айтып, мұсылман қауымына адал әрі сапалы қызмет көрсетуді жалғастыра беретінін жеткізді.