Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 ақпан 2024

140

Жаңалықтар

АЛМАТЫДА 5 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен халалдың жергілікті өкілі Ерлан Тайлақов бірқатар кәсіпорындарға сертификат табыстады. Атап айтқанда, «Baby Go» емдік-профилактикалық өнімдері, «EJI» косметикалары, «Дюсенбаева» кондитерлік өнімдері, «Nandu» және «Del Cappucino» қоғамдық тамақтану орындары. «QMDB Halal» сертификатын табыстаған бас имам Төлеби Оспан кәсіпорын өкілдеріне алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Аталған кәсіпорындар аумағында мамандар тарапынан тиісті аудит шаралары жүргізіліп, тексерістің оң қорытындысынан кейін ғана сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Алдағы уақытта сертификатталған кәсіпорындарда аудит шаралары міндетті түрде орындалып тұрады», – дейді жергілікті өкіл Ерлан Тайлақов.

Бөлісу: