Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

31 қаңтар 2025

202

Жаңалықтар

АЛМАТЫДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖАЛҒАСУДА

«Халал Даму» мамандары Нұрбек Қанатұлы мен Әселхан Сәбитқызы Алматы қаласындағы «Гиппо», «Баханди», «Салам Бро», «А-Донер» фаст-фуд дәмханалары мен ет дүкендерінде айлық аудит шараларын жүргізді.

Аудит барысында өндіріс орнындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, шикізат пен дайын өнімнің халал стандартына сәйкестігі тексерілді. Тексеру нәтижесінде бірқатар кәсіпорындарға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ескерту жасалып, белгіленген талаптарды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. «Халал Даму» мамандары кәсіп иелеріне халал сертификатының талаптарын қатаң ұстану қажеттігін еске салды.

Бөлісу: