Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 сәуір 2025

29

Жаңалықтар

АЛМАТЫДА АУДИТ ЖАЛҒАСУДА

Алматы қаласындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Беккер и К» ет комбинаты мен «Пир» шұжық цехы, «Magnum» сауда орындары тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технологтар Әселхан Сәбитқызы, Жансая Есіркеген орындады.

Аудит барысында кәсіпорындарда өндірістік санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, шикізат пен дайын өнімнің халал стандартына сәйкестігі, қызметкерлердің жеке бас гигиенасы мен арнайы киімдердің тазалығы тексерілді. Сонымен қатар, өндіріс барысында қолданылатын қоспалар мен дәмдеуіштердің құрамы зерттеліп, олардың халал талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылды. «Беккер и К» ет комбинатында шұжық және ет өнімдерінің өндіріс процесі толықтай сарапқа алынды. Өндіріс желілерінің тазалығы мен құрал-жабдықтардың санитарлық күйі жақсы деңгейде екені анықталды. Сондай-ақ, «Пир» шұжық цехында да халал стандарттарына сай жұмыстар жүргізіліп жатқаны байқалды. Ал, «Magnum» сауда орындарында халал өнімдердің сатылу аймағы тексеріліп, өнімдердің таңбалануы мен сақтау шарттары қадағаланды. Халал таңбасы бар өнімдердің бөлек сөрелерде сақталуы және тұтынушыларға дұрыс ақпарат берілуі де назардан тыс қалмады.

Аудит нәтижесінде анықталған кейбір ескертпелер бойынша кәсіпорын басшыларына нақты ұсыныстар беріліп, кейбір бағыттар бойынша жетілдіру қажет тұстары айтылды. Алдағы уақытта да осындай бақылау-қадағалау жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табатын болады.


Бөлісу: