Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 маусым 2023

148

Жаңалықтар

Алматыда имамдар институтында халал туралы семинар өтті

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Алматы өңірдегі «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Қазақстан Республикасы имамдарының білімін жетілдіру ислам институтында» халал туралы кезекті оқу-семинарын өткізді.

Оқу-семинарлар барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына тікелей байланысты», – деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде түсіндірді.

Халал өнім өндіру технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, қатысушылар сұрақтарына жауап беріліпді.

Оқу орындары басшылығы тарапынан шәкірттердің білімін жетілдіруге арнайы  уақыт бөлгендеріңізге және мүфтияттың атқарып жатқан игі істеріне ризашылығын жеткізілді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Бөлісу: