Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 ақпан 2024

84

Жаңалықтар

АЛМАТЫДА КЕЗЕКТЕН ТЫС АУДИТ

«Халал Даму» технологтары Нұрбек Қабыкенов пен Мейіржан Тілектестің Алматы қаласына іс-сапары барысында өңірдегі бірқатар кәсіпорындар тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті өкіл Ерлан Тайлақов пен технолог Әселхан Сыдық та қатысты.

Алматыдағы айлық аудит аясында «Galanz bottlers» сусын өндіруші кәсіпорны, «Қаз снек сауда» снэк өнімдері, «Аяла плюс» сүт өнімдері фабрикасы тексерілді. Тексерістің оң нәтижесінен кейін, «Аяла плюс» сүт өнімдері кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификаты табысталды.  Сонымен қатар, мамандардың аудит шараларының әлі де жалғасатынын жеткізді.

Бөлісу: