Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 шілде 2025

12

Жаңалықтар

АЛМАТЫДА КЕЗЕКТІ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алматы қаласындағы кәсіпорындарда кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын технолог Нұрбек Қанатұлы мен жергілікті өкіл Өміржан Терликбаев орындады. Аудит барысында «Баханди» фаст-фуд желісі, «Мирас», «Асық ет», «Ұлттық ет», «Үміт ет», «Нарбаев» ет дүкендері, «Адолар» шұжық цехы тексерілді.

Тексеріс барысында аталған кәсіпорындардың құжаттары, шикізат жеткізу тізбегі, өндіріс цехтары мен санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы мұқият зерделенді. Сонымен қатар, өнім құрамына қолданылатын қоспалар мен халал стандарттарына сәйкестігі де жіті назарға алынды.

Кейбір мекемелерде талапқа сай келмейтін жағдайлар анықталып, ескерту берілді. Жергілікті өкіл мен технолог түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, стандартқа сай жұмыс істеудің маңыздылығын түсіндірді. Ал талаптарға сай жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға ризашылық білдірілді. Барлық нысандар бойынша тексеріс нәтижелері хаттама түрінде рәсімделіп, жауапты тұлғаларға тиісті нұсқамалар берілді. Халал стандарттарын сақтау бойынша тұрақты бақылау жалғасады.


Бөлісу: