АЛМАТЫДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
«Халал Дамудың» Алматы қаласының өкілі Ерлан Тайлақов пен технолог Әселхан Сыдықтың ұйымдастыруымен жергілікті кәсіпкерлерге арналған семинар өткізілді. Семинарға «Келін-2», «Табанан-2», «Shecer», «Issmile» кәсіпорындары қатысты.
Семинар барысында халал өнім өндіру технологиясы, шариғатқа сай халал мен харамды ажырату мәселелері, кәсіпорындарда аудиттің жүргізілуі, зертханалық тексерістің орындалуы, тағамдық қоспалар халалдығының маңызы секілді өзекті мәселелер қозғалды. Мамандар қатысушылар сауалдарына жауап беріп, шариғат талабы – халал тақырыбын кеңінен түсіндірді.