АЛМАТЫДА ТЕКСЕРІС ЖАЛҒАСУДА
Бір аптаға созылған Алматы қаласындағы аудит шаралары әлі де жалғасуда. Технолог Мейіржан Тілектес пен Сымбат Амантайқызы «Chips production», «Sulu», «As market», «Ozyurt» т.б бірқатар кәсіпорындарды тексерістен өткізді.
«Алматы алып шаһар болғандықтан, аудит жұмыстары бірнеше күнге созылуда. Себебі, тексеріс – ұқыптылық пен мұқият болуды талап етеді. Себебі, бұл – халал стандарты талаптарының қатаң сақталуы мен сенімді жоғалтпау үшін аса маңызды», – деген маманымыз бүгінгі аудит қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін және де кейбір кәсіпорындарға кішігірім ескерту айтылғанын хабарлады.