Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 мамыр 2022

47

Жаңалықтар

Алматыдағы фаст-фуд кәсіпорындары тексерілді

«Халал Даму» мамандарының Алматы қаласына бағытталған іс сапары барысында өңірдегі фаст-фуд кәсіпорындарының өндірісі мен қызметі қадағаланды. Кезекті айлық аудит жұмыстарын «Халал Даму» технологы Данияр Бақзейнелұлы мен жергілікті инспектор-контролер Маратхан Мұхтарханұы орындады.

Тексеріс барысында өңірдегі қоғамдық тамақтану орындары, фаст-фуд желілерінің өндіріс процессі қадағаланды. «Аудит аясында халал кәсіпорындар өндірісінің барлық процессі сүзгіден өткізілді. Бұның барлығы халал өнімді тұтынушылардың адалдық таңбасына сенімділігі үшін жүргізілуде. Халал кәсіпорындар мен сатылым орындары, сондай-ақ сатушылар мен сату ісін ұйымдастырушылар да халал талаптарын сақтауы тиіс. Сондықтан кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өнідірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Кәсіпорындардағы халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық» – деп хабарлайды Данияр Бақзейнелұлы.



Бөлісу: