Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 наурыз 2022

58

Жаңалықтар

Алматыдағы халал кәсіпорындар тексерілді

«Халал Даму» мамандарының Алматы қаласына бағытталған іс сапары барысында өңірдегі бірқатар халал кәсіпорындар өндірісі мен қызметі қадағаланды. Наурыз айының кезекті айлық аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, бас сарапшы технолог Айжан Қалмаханқызы, технолог Жанат Белтаева, жергілікті инспектор-контролер Маратхан Мұхтарханұы орындады.

Тексеріс барысында өңірдегі қоғамдық тамақтану орындары, фаст-фуд желілері, кондитерлік кәсіпорындардың өндіріс процессі қадағаланды.

«Аудит аясында халал кәсіпорындар өндірісінің барлық процессі сүзгіден өткізілді. Бұның барлығы халал өнімді тұтынушылардың адалдық таңбасына сенімділігі үшін жүргізілуде. Халал кәсіпорындар мен сатылым орындары, сондай-ақ сатушылар мен сату ісін ұйымдастырушылар да халал талаптарын сақтауы тиіс. Сондықтан кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өнідірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Апталық аудит жұмысы жоғары деңгейде өтті. Себебі, кәсіпорындардағы халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері мен медресе шәкірттеріне арналып оқу-семинары ұйымдастырылды» – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.


Бөлісу: