АЛМАТЫДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Романовский продукт» және «Happy cake» кондитерлік өнімдері сертификатталды. Сертификатты жергілікті өкіл Ерлан Тайлақов табыстады.
«Бұған дейін «Романовский продукт» өнімдерінің Астана қаласындағы цехтары сертификатталған еді. Бүгін міне, бірнеше айға созылған аудит нәтижелерінен кейін Алматыдағы цехын да халал талаптарына сәйкестендірдік. Сонымен қатар, «Happy cake» кондитерлік кәсіпорынның да Алматы қаласы бойынша барлық сату орындары «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталуда», – деп хабарлайды маманымыз.
Кәсіпорындарға берілген сертификат мына мерзім аралығында жарамды:
«Романовский продукт»: 30.11.2023-29.11.2024 жж;
«Happy cake»: 22.12.2023-21.12.2024 жж