АЛМАТЫДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Aksai Cake» кондитерлік өнімдері, «Alhadaya» профилактикалық өнімдері, ЖК «Суюндукова Г.Б» жартылай фабрикаттары сертификатталды. Сертификатты Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Ерлан Тайлақов табыстады.
«Технолог және инспектор-контролер мамандардың қатысуымен кәсіпорындардың өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, қажетті қоспалар лабораториялық сынақтан өткізілді. Орындалған шаралардың оң нәтижесінен кейін, «Aksai Cake», «Alhadaya», «Суюндукова Г.Б» кәсіпорындарына сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – деп хабарлайды жергілікті маманымыз.