Алматы:«Magnum» сауда орындары тексерілуде
Алматы қаласындағы ең ірі сауда орындарының бірі – «Magnum Cash & Carry» супермаркет, гипермаркет және шағын форматтағы дүкендердегі ет және шұжық орындары тексерілуде. Бүгін, «Халал Даму» технологы Данияр Бақзейнелұлы аталған сауда аумағында кезекті бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.
«Magnum» сауда орындарында халал өнімдердің кең ассортименті ұсынылғандықтан халал өнімдерді жеткізу, қабылдау, сақтау, дайындау және сату процесінде стандарттың барлық талаптары қатаң орындалып, технологиялық тізбек толықтай сақталуы тиіс. Тексеріс барысында дайын өнімдерден бастап, өнімді сатуға дейінгі кезеңдер түгелдей тексерілді. Бақылау шаралары әлі де жалғасуда», — деп хабарлайды Данияр Бақзейнелұлы.