Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 желтоқсан 2021

3734

Жаңалықтар

App Store арналған «Halal Guide» қосымшасы іске қосылды

«QMDB Halal» өнімдердің App Store платформасына арналған «Halal Guide» мобильді қосымшасы іске қосылды. 

Халық сұранысы бойынша дайындалған «Halal Guide» қосымшасының негізгі қызметі – «QMDB Halal» өнімдерді іздеу функциясын қолжетімді ету. «Halal Guide» қосымшасында көрсетілген барлық деректер www.halaldamu.kz сайтында көрсетілген ресми ақпараттар негізінде жасалған және әрдайым жаңартылып отырады. Кәсіби мамандардың ұзақ мерзімді ізденісі нәтижесінде дайындалған қосымшасының басты артықшылықтары:

Біріншіден, кез-келген өнім не кәсіпорынның «Халал Дамудан» сертификаттаудан өткен-өтпегендігін жылдам тексеру мүмкіндігі;

Екіншіден, өнім қаптамасында көрсетілген «Е тағамдық қоспалардың» рұқсат етілген, рұқсат етілмеген, күмәнді түрлерін лезде анықтаудың жеңілдігі;

Үшіншіден, халал тамақтану орны, ет дүкені секілді кез-келген сертификатталған кәсіпорын мекен-жайының «2 Gis» картасы  арқылы көрсетілуі.

Қосымшаны төменде көрсетілген сілтеме арқылы жүктеуге болады.

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.halaldamu.myapplication

https://apps.apple.com/kz/app/halal-guide-kz/id1598839456




Бөлісу: